Автор: Исенгалиева Г.А.
Мұнай көмірсутектерін күкірт қосылыстарынан тазартудың белсенді адсорбенттерін әзірлеу. Монография. – Ақтөбе: «Формат» әмбебап баспа желісі, 2025. - 147 б.
ISBN 978-601-376-019-3
Монографияда мұнай көмірсутектерін күкірт қосылыстарынан тазартудың тиімді адсорбциялық әдістерін әзірлеу мәселелері қарастырылады. Зерттеу барысында табиғи және синтетикалық адсорбенттердің сорбциялық қасиеттері талданып, олардың көмірсутек шикізатын күкіртті қосылыстардан тазартудағы қолдану мүмкіндіктері зерттелді. Автордың ұсынған әдістері мен материалдары мұнай-газ кешенінің барлық кәсіпорындарында, сонымен қатар мұнай-химия және фармацевтика өндірісінде кеңінен қолданылуы мүмкін. Монографияда адсорбенттерді белсендіру тәсілдері, олардың сорбциялық қабілеттерін арттыру жолдары және өндірістік қалдықтарды қайта өңдеу арқылы жаңа тиімді сорбенттерді алу мүмкіндіктері қарастырылған. Зерттеу нәтижелері мұнай-газ өңдеу саласында экологиялық таза және экономикалық тиімді технологияларды енгізуге бағытталған. Монография мұнай-газ саласының мамандарына, экологтарға, ғылыми қызметкерлерге және осы салада білім алушылар мен оқытушыларға арналған.
Мұнай көмірсутектерін күкірт қосылыстарынан тазартудың белсенді адсорбенттерін ә
Год издания: 2025
Формат: 60х90, твердый переплет
Печатный лист: 9,25