Авторлар: Сапаров К.Т., Абдуллина А.Г., Шумакова Г.Ж., Хамит А.Б.
Жалпы жертану: – Жoғapы oқy opындapының білім алушыларына apналған оқулық. – Ақтөбе: «Формат» әмбебап баспасы, 2025. – 256 б.
ISBN 978-601-12-3653-9
Оқулық 6В01506-«География» білім беру бағдарламасының үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес жазылған. Оқулықта Жердің географиялық қабығында болып жатқан процестер мен құбылыстар туралы жан-жақты түсінік беріледі. Табиғи ортаның құрамдас бөліктерінің өзара әрекеттесуінің негізгі заңдылықтарын зерттеу және білімалушыларды географиялық талдаудың заманауи әдістерімен таныстыру қарастырылады. Оқулық келесі негізгі тақырыптарды қамтиды: литосфераның, гидросфераның, атмосфераның және биосфераның құрылымы мен динамикасы; тектоникалық қозғалыстар, климаттың қалыптасуы, гидрологиялық циклдер сияқты негізгі географиялық процестерді; табиғи компоненттердің өзара әрекеті және адам қызметінің табиғатқа әсері; географиялық заңдылықтар және оларды зерттеу әдістері.
Жалпы жертану
Год издания: 2025
Формат: 60х90, твердый переплет
Печатный лист: 18